Қарағанды облысында бірнеше дәуірдің қорымдары ашылды. Көне обалардан сақ тайпасының текті адамның жерлеу рәсіміне арналған киімінің әшекейлері, мүйізден жасалған тұтқасы бар тегістеу құрылғысы сынды жәдігерлер табылды. Қорым облыс орталығынан оңтүстікке қарай 100 шақырым жерде ағып жатқан Талды өзені бойында орналасқан. Табылған жәдігерлер арасында ерте темір дәуіріне жататын алуан түрлі алтын әшекейлер, қола дәуіріне жататын пышақтар жиынтықтары да бар. Бұл заттардың біздің дәуірімізге дейін сақталып жеткені археологтарды таң қалдырып отыр.
Түлкібай Төлеуов, облыстық тарихи-мәдени мұраны сақтау орталығының басшысы:
- 20 шақты археологиялық нысандарда қазба жұмыстары жүргізілді, 15 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Нәтижелері жаман емес. Әлемдік дәрежедегі жаңа жәдігерлер табылып жатыр. Пирамида бүкіл әлемге белгілі болып жатыр. Аспан астындағы мұражайдың құжаттарын дайындап, соны тіркеуден өткізіп, биыл ашамыз деген жоспарымыз бар.