Мың жылдық тарихы бар қаланың қазіргі көрінісі қандай? Бір ғасыр бұрынғы ежелгі үйінділер мен қазыналарды шаһардың әр бұрышынан байқауға болады. Мұның барлығы Тараз қаласында орналасқан. Яғни қала орталығы мен оның айналасындағы археологиялық орындарға барсаңыз, көне дәуірге тиесілі өркениеттің куәсі боласыз.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 3365 тарихи-мәдени ескерткіш бар. Оның ішінде 741 тарихи – мәдени ескерткіш мемлекеттік тізімге алынған, мұның 713 ескерткіші – жергілікті дәрежедегі, ал 28 – республикалық дәрежедегі ескерткіштер.
Ежелгі Тараз – көпестер қаласы саналған. Мұнда қамалдар мен сазбалшықтан тұрғызылған үйлердің, қабырғалардың ізі әлі күнге дейін бар. Көне Тараздың рухы қала кіреберісіне орнатылған ортағасырлық қақпаны көрген сәттен сезіледі. Ескі техникамен дайындалған 25 метрлік арканы батысқан шығысқа беттеп бара жатқан кезде көруге болады.