Нұр‑Сұлтан қаласындағы құрылымы күрделі пирамида пішінінде салынған Бейбітшілік және келісім сарайы қаланың сырт келбетіне айрықша көрініс сыйлап тұр. Дінаралық қатынас және өзара мәдени диалог құратын әмбебап орынның жобасын әйгілі ағылшын сәулетшісі Норман Фостер дайындаған. Архитектура саласының Нобелі саналатын Притцкеров сыйлығының лауреаты Елордада тұңғыш ғимаратын 2006 жылы салды.
2003 жылдың 24 қыркүйегінде аталмыш байланыс алаңы туралы бастама көтерілді. Съезд мәдениет пен ұлтаралық келісімінің татулығына қолдау көрсетіп, оны жүзеге асыруға ықпал етті. Осының барлығы пирамиданы безендіру кезінде көрініс тапқан. Витражда суретші Брайан Кларктің 130 көгершіні бейнеленген. Бұл картина – қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің символы. .
28 000 шаршы метрді алып жатқан жерді тиімді пайдалану үшін айрықша тәсіл қажет. Мысалы, жеделсатылар 60 градусқа көлбеу орналасқан. Бұл әдіс әйгілі Эйфель мұнарасында, Лас Вегастағы «Луксор» пирамидалық қонақ үйінде қолданылған.
Бейбітшілік және келісім сарайының архитектуралық ерекшелігі мен ішкі құрылысы туралы толығырақ бағдарлама барысында тансыа аласыздар.