Ертіс бойындағы шаһар. 1718 жылы пайда болған Семей қаласы, жақында ғана 300 жылдық мерейтойын атап өтті. Шаһарда түрлі таризи және заманауи ғимараттар көп-ақ. Алайда Семейге кірген адам ондағы әйгілі аспалы көпірін бірінші көреді.
Аспалы көпір – стратегиялық маңызы зор нысанға айналды. Ертіс өзені арқылы тартылған аспалы көпір 2001 жылы ашылды. Қалаға кірген кезде 90 метр жоғарыға бойлаған көпірдің тіректері бірден көзге түседі. Көпірдің көлемі шын мәнінде таңғалдырады. Ұзындығы – 1086 метрді құраса, оның үштен бір бөлігін негізгі жол алып жатыр. 35-метрлік аумақта автокөліктерге арналған 6 жолақ және екі жаяу жүргінші жолдары орналасқан .
Шаһарда аспалы көпірден басқа, төрт кішігірім көпір бар. Теміржол, автокөліктерге арналған және Бейбітшілік көпірі. Бейбітшілік Полковничий аралына тікелей апаратын жол. Оның атауын жақында ғана өзгертті. Әр көпірдің құрылысының тарихы өз алдына бөлек әңгіме. Бірақ іс жүзінде олардың мақсаты бір – Ертістің сол және оң жағалауын байланыстыру.