Бірегей жинақтың авторы - Еуразия ұлттық университетінің профессоры Мұхит-Ардагер Сыдықназаров. Ол шетелдік кітапханалар, мұрағаттар, картографиялық орталықтар мен мұражайларда сақтаулы XVI-XIX ғасырларға жасалған ежелгі атластарында жиі кезігіп тұрған Қазақ мемлекетінің атауын іздеген. Зерттеу барысында Еуропа мен Американы түгелдей аралап шықты. Ғалым бұл еңбекке 17 жылын арнаған.
Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, саясаттану ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы еұу профессоры.
- Ғылыми құндылығымен қатар, бұл кітаптың саяси маңызы да зор. Еңбек ғалымдар мен ғылыми зерттеу топтары және тарихқа әуес оқырмандар қауымы үшін жазылған. 1465 жылы Қазақ хандығы құрылған сәттен бастап мемлекет атауы мен оғаниқатысты деректерді
барлық еуропалық саяхатшылар, елшілер, дипломаттар, әскерилер түртіп алып, карталарда белгілеп отырған. Бұл өткенді түгендеуге қатысты жаңа тарихи көзқарас. Өйткені бұл карталар Қазақстанда алғаш рет ғылыми, мәдени, ақпараттық айналымға енгізілуде. Яғни, бұрын соңды елде болмаған деректер.
Кітапта еліміздің тарихы үшін аса құнды карталардан бөлек оларды құруға атсалысқан авторлар ғалымдар, географтар, дипломаттар мен саяхатшылар жайында мәліметтер келтірілген. Сондай-ақ, жинақ мемлекеттік жүйенің, қазақ халқының тұрмыстық салты мен этнографиясыннан сыр шертеді. Айта кетейік, бірегей басылым екі жыл бұрын Брюссельде қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде жарыққа шыққан болатын.