Мәселен, Ақмола өңірінде қуаты 500 кВт-тық биогаз өндіретін жаңа зауыт салу жоспарланған. Оның құрылысымен бұл бағытта мамандандырылған неміс компаниясы айналыспақ. Олардың Еуропа мен Оңтүстік Америкада осы текті жобаларды сәтті ендіруде тәжірибесі мол дейді, елдің ұлттық кәсіпкерлер палатасы. Осылайша, енді мал шаруашылығы қалдықтары қоршаған ортаны ластап, сыртқа үйілмейтін болады. Оны өңдеп биогазға айналдыру парниктік газдардың ауаға бөлінуін азайтуға септеседі. Тіпті өндіріс қалдықтарының өзі топырақты құнарландыру үшін егістіктерде тыңайтқыш ретінде қолданылмақ.
Кәсіпорынды келер жылдың соңында
қолданысқа беру жоспарланған. Қазіргі таңда енді бір шетелдік компания
Маңғыстау өңірінде гибритті электр станция тұрғызып жатыр. Оның құрылысын екі
жылда аяқтау межеленген. Бұл жоба аймақты электр энергиясымен қамту жүйесін
әртараптандыруға бағытталған.
Жалпы қуаты -120 мВт құрайтын гибридті станция жел, күн және газ сынды баламалы энергия көздерінің негізінде жұмыс істейтін болады.
Айта кетейік, бұл нысандар Мемлекет басшысының
тапсырмасымен еліміздегі «жасыл» энергия түрлерін дамыту саясаты аясында бой
түземек.