Астанада Qazdаtathon байқауы өтті

Астанада Qazdаtathon байқауы өтті

Астанада азаматтардың мүдделерін қорғауға бағытталған үлкен деректер тақырыбында жыл сайынғы Qazdаtathon ұлттық байқауы өтті. Оның мақсаты - жастарды статистикалық көрсеткіштерді кәдеге жарату, басқару және талдауға тарту, сондай-ақ ауқымды деректер негізінде әлеуметтік-экономикалық саясат шешімдерін қабылдау тәжірибесін енгізу. Дәстүрлі доданы Ұлттық статистика бюросы ұйымдастырды. Ақтық сынға шыққан 7 команда жұмыспен қамту саласындағы өз әзірлемелерін таныстырды. Олар ұсынған бастамаларында биг датаны өңдеу үшін арнайы бағдарламаларды пайдаланды. Қазақстанның еңбек нарығы бойынша жасалған жоба үздік деп танылды. Қатысушылар қай жастардың «бейресми», яғни еңбек шартын жасамай-ақ жұмыс істейтінін, олардың бүгінгі еңбек нарығындағы үлесі қандай екенін зерттеп, болашақта оның қалай өзгеретініне болжам жасады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жеңімпаздар мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтасып, іргелі зерттеу жобаларына қатысуға мүмкіндік алады.

Мақсат Тұрлыбаев, Ұлттық статистика бюросының басшысы:

- Тұтастай алғанда, Ұлттық статистика бюросының деректерді танымал ету жөніндегі жұмысы бірнеше жылдан бері жүргізіліп келеді. Біз бірнеше сервистерді әзірледік. Барлық ғылыми ұйымдар мен зерттеушілер және талдаушылар деректерді иесіз түрде ала алуы үшін зерттеушілер кабинеті бар.

Әмірлан Нұрғазин, Raspi кed тобының мүшесі:

- Мемлекеттік органдар, олар онымен үнемі жұмыс істейді және олар кішкентай корреляцияларды байқамауы мүмкін. Міне, осындай жобалар бәріне жаңа көзқараспен қарауға итермелейді. Яғни, дәл осы жас ұрпақтың берген ұсынысы бұған басқа жақтан қарауға, тіпті тиімдірек тұсын көруге көмектеседі.