Қазақстанда антитеррорлық операция барысында 3 мыңнан астам адам ұсталды. 26 қаруланған қылмыскердің көзі жойылып, тағы 18 қылмыскер жараланды. Қаза тапқан полиция қызметкерлерінің саны 18-ге жетті. Бұл туралы ішкі істер министрлігі хабарлады.
Қызылорда облысында лаңкестікке қарсы операция жалғасып жатыр. Өңірде төтенше жағдайдың «қызыл» деңгейі жарияланған. Бүгінде 168 адам қала ауруханаларына жүгінген, оның 77-сі ауруханаға жатқызылды. 38 адам жансақтау бөліміне түскен. Қайтыс болғандар бар.
Шымкенттегі тәртіпсіздік кезінде «сергек» камералары талқандалған. Түркістан сарайы ғитмаратына айтарлықтай зақым келген. «Метро» сауда орталығы тоналды. Құрылыс компаниясының әкімшілік ғимараты талқандалып, көрме орталығының бір бөлігі отқа оранды. Қазіргі уақытта қалада жедел штаб құрылып, жұмыс істеуде.
Батыс, Солтүстік және Қостанай облысында тәртіпсіздіктер болған жоқ. Ахуал жергілікті биліктің бақылауында. Түркістан облысында азаматтық белсенділер жергілікті билікке жәрдемдесіп, қоғамдық тәртіпті қадағалауға ат салысып жатыр. Өңірдің адам көп орналасқан аудандарында коменданттық сағат енгізілген.
Ақмола облысында ахуал тұрақты. Құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті бақылауға көмектесу үшін халық достығы құрылып, жұмыс істеп жатыр. Ол «Ақмола қауіпсіздік аумағы» деп аталады. Атырау облысында 6 қаңтардың кешкі уақытындағы жағдай бойынша алаңдағы шерушілер өз еркімен тарқады.
Алматы облысында ахуал толық жергілікті биліктің бақылауына алынды. Жағдайды қалыпқа келтіру үшін тиісті шаралар қолданылып жатыр, лаңкесттікке қарсы аймақтық жедел штаб құрылған. Жалпы тәртіпсіздіктер салдарынан 68 адам дәрігердің көмегіне жүгініп, 17 адам ауруханаға жатқызылды. Құқық қорғау органдарының 4 өкілі жансақтау бөлімінде жатыр.