Ел ішінде саяхаттайтын туристер қатары артып келеді. Республикада ішкі туристердің рекордтық көрсеткіші тіркелді. Өткен жылдың өзінде жиһанкездердің саны жеті миллионға жуық адамға жетті. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі хабарлады. Ведомствоның атап өтуінше, ел ішінде саяхаттаушылар саны жыл соңына дейін 8 млн жетеді деп күтілуде. 2022 жылдың 6 айында туристерді орналастыру орындары 28%-тен астамға толған. Бұл пандемияға дейінгі деңгейден жоғары. Сонымен қатар шетелден келетін саяхатшылар саны арта түскен. Жарты жылдың қорытындысы бойынша мұндай туристердің саны 2,5 есеге жуық көбейіп, шамамен 300 мың адамға жеткен.