Қазақстанда бастапқы медициналық-әлеуметтік көмектің даму саласындағы тәжірибесімен танысу және ынтымақтастық перспективаларын анықтау үшін елімізге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының аймақтық директоры сапармен келді. Ханс Клюге Алматыда медициналық университет студенттерінің алдында сөз сөйледі. Сондай-ақ ол Есік қаласының медициналық мекемелерін аралауды көздеп отыр.
Ханс Клюге, ДДСҰ Еуропалық бюросының аймақтық директоры.
- Қазақстанға келуімнің екі мақсаты бар. Біріншісі, министр ханыммен алдағы екі жылдың жоспарына байланысты құжатқа қол қоямыз. Сонымен қатар біз ауыл тұрғындарына медициналық-әлеуметтік көмек көрсету тақырыбындағы халықаралық алаңның ашылуына қатысамыз. Бұл өте маңызды, өйткені 10 науқастың 9-ы дұрыс тамақтанбағандықтан жиі ауырады. Сондай-ақ ТМД елдерінің парламентаралық ассемблеясының жиналысына қатысып, «Денсаулық барлығы үшін» деген тақырыпта баяндама жасаймын.