Көшпенділерде кітап болмаған. Хинганнан Жерорта теңізіне дейін алпауыт державалар құрған түркілердің, ғұндардың, монғолдардың оннан аса жазу жүйесі болғаны рас, кейбір жазбалардың әлі күнге дейін құпиясы ашылмаған. Қалада халқында, монастырьлерде жазу ісі мен аудармашылық болған. Ал мал бағып, ұшы-қиыры жоқ далада көшіп жүрген қауымдарда кітап болмаған.
Кітап – алып жүруге ауыр жүк. Елестетіп көріңіз. Бір түйеге киіз үйіңді, екіншісіне – дүние-мүлігіңді, қалған 50 түйеге кітапханаңды артып алып көшіп жүру... Ол заманның кітаптары да үлкен болатын. Көшпенділер бұл мәселені өзгеше шешкен. Оларда тундраны, шөл даланы кезіп, ел аралап жүретін жыршылар: ақындар, бадарчиндер, тиссиуэйлер болған! Әр халықта әртүрлі аталған. Кітап былай тұрсын, нағыз тірі кітапханалар деуге болады.