Білім жүйесі өзге салалар сынды карантин жағдайында жұмыс істеуге дайын болмады. Күтпеген жерден жаңа тәсілге бейімделуге тура келді. Сарапшылар жоғары білім беруді қайта қарастырып, өзгерту қажет екенін ескертіп отыр. Коронавирус Қазақстан университетттеріне қалай әсер етті? ЖОО-лар пандемия кезінде қалай жұмыс істеп жатқанын Назарбаев университеті мысалында көре аламыз. Оқу орны биыл 10 жылдығын атап өтуде. Алғашқы қорытынды жасаудың кезі жетті. Оқыту үрдісін қалай ұйымдастыру керек? Коронавирус ғылым саласындағы тенденцияларға қалай әсер етті? Кез келген университет үшін маңызды дағды қайсы? Білім, ғылым және инновациялар неге бірге дамуы керек? Назарбаев Университеті шығыстағы Кремний алқабының дамуына қалай үлес қосады? ЖОО-ның өзгеруі және алдағы 10 жылдағы жоспары туралы университет ректоры Шигео Катсу айтып береді. Эксклюзивті сұқбатты Ләззат Шатаеваның авторлық «Impactful» бағдарламасында тамашалаңыз.