Жанғали Жүзбай – дәулескер күйші. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Ол – шертпе күй мектептеріне байланысты бірнеше педагогикалық және хрестоматиялық еңбектердің авторы. Оның орындауындағы Тәттімбет, Итаяқ, Қыздарбек, Сембек, Бегімсал, Бапыш секілді көптеген халық композиторлары күйлерінің сирек нұсқалары «Мәңгілік сарын», «Қазақтың мың күйі» антологияларына енгізілді. Сонымен қатар ол Сүгірдің, Төлегеннің күйлерін тұпнұсқада шебер орындайды.
Ендеше, шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбай бүгін біздің бағдарламамыздың басты қонағы болып отыр. Бағдарлама жүргізушісі Дархан Әбдуахитке берген сұхбатында әрбір күйдің тарихына жіті тоқталып, шығу тегін шегелеп, қасиетті домбыра тілінің құдіретін ашып айтып беретін болады.