Кескіні мен мазмұны сәтті үйлесім тапқан Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музейді Орталық Азиядағы ең жас әрі ең ірі ғимарат деп сипаттауға болады. Бірегей саналатын кешеннің аумағы – 74 мың шаршы метр. Аталмыш ғажайып ғимарат туралы, ондағы құнды жәдігелер туралы толық ақпаратты бүгінгі бағдарламамыздың қонағы – Ұлттық музейдің директоры, суретші-зергер Алмаз Нұразхан әңгімелеп береді.