Мәдениет және спорт министрлігінің мәліметінше, олардың саны 9 миллионға дейін артуы мүмкін. Ведомствода еліміздегі демалыс орындарының саны артқанын да атап өтті. Мәселен, 2022 жылы 284 қонақ үй салынды. Осылайша, олардың жалпы саны 4 мыңға жақындады. Онда 200 мыңнан астам турист тоқтай алады. Ішкі туризм бойынша Алматы, Астана, Шымкент, Ақтау және Атырау қалалары ең танымал бағыттар саналады.