«Talk
& Cook» бағдарламасының бүгінгі арнайы қонағы
– Қазақстандағы Марокко Корольдігінің Елшісі Мохаммед
Рашид Маанину. Бұл шығарылымда біз Марокконың ең танымал ұлттық тағамдарының
бірі – кускусты дайындауды үйренеміз. Кускус
– бүкіл Мароккода ерекше сүйіспеншілікпен дайындалатын тағам, әсіресе жұма
күндері, мешіттен кейінгі отбасылық дастарханның сәні. Елші бізге аспаздық
шеберлік жолындағы қызықты тәжірибесін айтып беріп, мароккан асханасының ерекше
құпияларымен бөліседі. Бұдан бөлек, Қазақстан мен Марокко арасындағы визасыз
режим жайлы мәлімет беріп, мароккандық туристердің елімізге деген қызығушылығы
және қазақстандықтар Мароккода қайда демалуға болатыны жайлы айтады. Осы
қызықты сұхбатты «Talk & Cook»
бағдарламасының жаңа шығарылымында көріңіздер!

