Бейжіңдегі қысқы Олимпиадаға аттанған қазақстандық спортшылар алғашқы жарысын 3 ақпан күні бастайды. Әлемдік додада бірінші болып фристайлшыларымыз сынға түспек. Спорттың бұл түрінен Қазақстаннан Юлия Галышева, Аяулым Әмренова, Олеся Граур, Анастасия Городко, Дмитрий Рейхерд және Павел Колмаков жолдама жеңіп алған болатын.
Айта кетейік, XXIV қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан құрамасынан барлығы 34 спортшы қатысады, олар 87 жолдама жеңіп алды. Төртжылдық доданың ашылу салтанаты 4 ақпан күні сағат 17:55-те басталады. Рәсімді «Хабар» және «EL ARNA» телеарналарынан тікелей эфирден көруге болады.