Астананың теміржол вокзалдарынан Жеңістің 80 жылдығына арналған тақырыптық пойыздар жолға шықты. Вагондарға әйгілі батырлар Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рахымжан Қошқарбаев және тағы басқа майдангерлердің портреті салынған. Бұл олардың батылдығы мен ерліктеріне деген құрметті білдіреді. Вагондардағы көркемдік әрлеу жолаушыларды рухқа бөлеп, ерекше әсер сыйлады. Ал жолсеріктер кеуделеріне қазақстандық Жеңіс лентасын тақты. Айта кетейік, темір жол құрамы «Астана-Атбасар» және «Астана-Алматы» бағыты бойынша мамырдың соңына дейін қатынайды.
Нариман Дүйсекеев, «Жолаушылыр тасымалы» АҚ баспасөз хатшысы:
- «Осындай креативті, әрі әдемі дизайн жолаушыларға
керемет атмосфераны сезінуге мүмкіндік берді. Бұл – Жеңіс рухы. Бірегей
иллюстрация арқылы сапарға шыққан азаматтарға, оның ішінде кішкентай жолаушыларымызға
Жеңісті жақындатуға үлес қосқан біздің батырларымыздың қандай болғанын
көрсетеміз».

