Қазақстанның Ұлттық академиялық кітапханасы 2021 жылды балалар әдебиетінің жылы деп жариялауды ұсынды. Өскелең ұрпақтың сауатын ашып, қоршаған ортамен таныстырып, ой-өрісін кеңейтуде балалар әдебиетінің маңызы айрықша дейді бастамашылар.
Рухани азық мекенінде ел болашағын кітап оқуға баулу мақсатында «Балалар әдебиеті – рухани қазына» атты көрме ашылды. Онда кітапхана қорындағы сұранысқа ие, әрі ең таңдаулы деген балалар әдебиеті зергерлерінің еңбектері қойылған.
НҰРГҮЛ ӘМІРЖАНОВА, ҚР ҰАК ҚЫЗМЕТКЕРІ:
- Балаларды, жас ұрпақты оқуға, кітапханаға, сауаттандыруға, білімділікке шақыру негізгі мақсаты. Бұл ауқымды кітап көрмесі жыл бойына қызмет етеді және 4 бөлімнен тұрады. Яғни мерейтойлы ақын-жазушыларға арналып отыр, мерейтойлы кітаптарға арналып отыр. Фольклорға, кейін әмбебап энциклопедия, әр түрлі сұрақтарға жауап беретін осындай бөлімдерге арналып отыр.