2024 жылы Қазақстанның қорғаныс саласына
жұмсалған қаржы 550 млрд теңгеден асады. 2025 жылы тағы 100 млрд жоспарланған.
Бірақ бұл әлі жалпы ішкі өнімнің 1 пайызына да жетпейді. Парламентте қазіргі
геосаяси жағдайда қорғаныс шығындарын айтарлықтай ұлғайту мәселесі талқылануда.
Әрине, бұл қазақ дипломатиясының жетістігінің бір көрінісі.
Ендеше, бүгінгі іскер адам - еңбек жолын
дипломатиялық қызметке арнаған, Мәжілістің халықаралық қорғаныс және
қауіпсіздік істері комитетін басқаратын депутат Айгүл Құспан. Кейіпкерімізбен
көрші елдермен арадағы ынтымақты қалай сақтауға болатынын туралы қызықты сұхбат
болмақ.

