Ел Үкіметі Абай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекітті. Құжат 100-ден астам іс-шараны қамтиды. Оның аясында инвестициялық жобаларды іске асыру, тұрғын үй, әлеуметтік және инфрақұрылымды дамыту, азаматтық қорғау мен экология мәселелерін шешу көзделіп отыр. Жоспардың жалпы бюджеті 1,9 трлн теңгеге жуық. Басым бөлігі - жеке инвестициялар. Нәтижесінде, аймақта
өнеркәсіп көлемі мен ауыл шаруашылығы өнімінің 1,5 есе, инвестициялардың 3,5 есеге өсуі қамтамасыз етіледі. Облыстағы барлық ауылдарға таза ауыз су жетіп, 14 мыңнан астам жаңа жұмыс оырндары құрылады.