Астанада жаңа отандық әскери техника таныстырылды

Астанада жаңа отандық әскери техника таныстырылды

Астанада қазақстанда жасалған құрлықта әрі суда жүретін бронды техника таныстырылды. Қорғаныс Министрі Руслан Жақсылықовқа «Terrex Barys-A» отандық әскери көлігінің техникалық мүмкіндіктері көрсетілді. Әмбебап жауынгерлік машина ауқымды міндеттерді орындауға арналған. Түрлі қарқындағы қарулы қақтығыстарда қолданылады. Құрышталған көлік минаға төзімді. Жол талғамайтын бірегей техника жүзуге де қауқарлы Оның су өткізгіштік қасиеті жоғары болғандықтан 3 балға дейінгі толқынға төтеп бере алады. Бірегей әскери көлік отандық зауытта шығарылады.

Руслан Жақсылықов, ҚР Қорғаныс министрі:

- Осындай тың жобалардың арқасында қазақстандық армияның жауынгерлік қабілеттілігі артатынына сенімдіміз. Әрине, бұл көлікті тексеру үшін әлі бірқатар сынақтар күтіп тұр. Ол үшін әмбебап әскери көліктің Қазақстанның барлық өңірлерінде қысқы, жазғы жағдайларда мүмкіндіктерін жан-жақты қараймыз. Осындай кешенді бірлескен жұмыстың нәтижесінде отандық Қарулы Күштердің сұранысына қажетті заманауи өнімді береміз деп үміттенеміз.

Қазақстанда жаңа бронды автокөлікті шығару үшін өткен жылдың соңында сингапурлық компаниямен келісім шарт жасалған болатын. Өндіріс ошағы аэроғарыш, электротехника, құрлық пен теңіз саласындағы инновациялық бастамаларға мамандандырылған. Ондаған шетелде өкілдігі бар. Келісім аясында компания біздің елде бронды техниканың жаңа түрін жобалау мен шығаруға инженерлік және техникалық қолдау көрсетеді.

Тан Пек Тонг, «ST Engineering Land System» компаниясының вице-президенті:

- Мен Қазақстаннның бұл бағыттағы әлеуеті зор екенін көріп отырмын. Бұл жұмысты үйлестіріп, іске асыру үшін  озық технологиялар мен білікті мамандар бар. Сондықтан бұл сала инвестициялар үшін аса тартымды.

Авторы: Жеңіс Ермұқанов

 

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?