Қазақстан мен Қытай өзара сауда көлемі бойынша
биыл жаңа рекордтық деңгейге қол жеткізуді жоспарлап отыр. Тек осы жылдың 7 айында
қос ел арасындағы тауар айналым 22 млрд
доллардан асты. Бұл ретте жыл соңына дейін межеленген жоспар асыра орындалады
деп күтілуде. Өткен мамыр айында ғана тараптар қазақ-қытай саудасын 40 млрд долларға жеткізу керек деп
уағдаласқан еді. Бұндай тапсырманы екі елдің мемлекет басшылары жүктеген
болатын. Бұл туралы бүгін «Бір белдеу-бір жол» бастамасының 10 және қытай мен
Орталық Азия елдерінің дипломатиялық ынтымақтастығының 30 жылдығына арналған
форумда айтылды. Жиынға белгілі саясаткерлер, бизнесмендер, сыртқы саяси
ведомство басшылары мен халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты. Мәселен,
ШЫҰ-ның бұрынғы жетекшісі Владимир Норов осы уақытқа дейін аспан асты елімен өңір
мемлекеттерінің сауда-саттығы бірден жүз есе өсіп, 70 млрд доллардан асқанын
атап өтті.
Владимир Норов, ШЫҰ экс
- бас хатшысы:
-Орталық Азия елдері «Бір
белдеу-бір жол» бастамасын табысты іске асыруда шешуші рөл атқарады және
олардың Қытаймен ынтымақтастығы осы бастаманы толыққанды іске асыру үшін үлкен
маңызға ие. Өңір елдерінің транзиттік әлеуеті үлкен. Олардың географиялық
орналасуы Қытай, Еуропа, Ресей, Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия елдері арасындағы
жеткізу тізбегінің аса маңызды бөлігіне айналдырады. Ал, Еуразияның бел
ортасында тұрған Қазақстан Еуропаны, Ресей мен Қытайды байланыстыратын басты
дәліздердің бойындағы негізгі көліктік хабқа айналды.
152 ел - 32 халықаралық ұйым - ынтымақтастық
туралы 200-ден астам құжат. «Бір белдеу-бір жол» бастамасы мемлекеттер мен
тұтас құрлықтарды біріктіре білген жаһандық жоба. Осы аса ауқымды бастама аясында оның барлық
қатысушылары оң нәтиже мен мықты мультипликативті әсерді сезінді. Бұл қатарда
Қазақстанда бар.
Айдар Әмірбаев, Саяси
зерттеулер орталығының директоры:
-Қазақстан мен Қытай арасындағы
қарым-қатынастар мәңгілік стратегиялық әріптестік сипатына ие. Бұл біздің
мемлекеттеріміздің өзара ынтымақтастығының ең жоғары деңгейі деуге болады. Осы
уақыттың ішінде әртүрлі салаларда индустриялық әріптестіктің негізі қаланды. Біз
ауқымды инвестициялық жобалардың тізбегін қалыптастыра білдік. Бұл ретте 50-ден
астам жобаны мысалға келтіруге болады. Олардың
тең жартысы іске қосылды немесе жүзеге асырылу сатысында тұр. Мәселен,
Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және Ақтаудағы Қазбитум жаңа
кәсіпорнын құру сынды бірқатар бірқатар жоба
бар. 10 жыл ішінде осы және өзгеде негізгі салалар төңірегінде маңызды істер
тындырылды.