Қазақстан экономикасына 300 мың доллар қаржы құйған шетелдік кәсіпкерге инвестор визасы енгізілмек

Қазақстанға білікті кадрлардың келуін ынталандыру, шетелде жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқығын қорғау және еңбек мигранттарының ағынын есепке алу үшін бірыңғай ақпараттық жүйе құру. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкіметте «Ашық Қазақстан 500+» көші-қон саясатының жаңа тұжырымдамасын таныстырды. Бұл құжат осы бағытта  2023-2027 жылдарға арналған іс-шаралар кешенін қамтиды. 

Қазақстан экономикасына кемінде 300 мың доллар қаржы құйған шетелдік кәсіпкерге «инвестор визасы» енгізілмек. Яғни, бұл құжат ел аумағында тұруға, бизнесін тіркеуге, кәсіпкерлік қызметіне қатысты бар операцияларды еркін жүзеге асыруға жол ашады. Мұндай мүмкіндіктер шетелдік 100 ғалым мен оқытушыға беріледі. Бұл санат үшін 10 жылдық «Ғылыми-педагогикалық визаның» оңайлатылған тәртібін енгізу көзделіп отыр. Соның негізінде оларға Қазақстанда тұрақты тұру үшін ықтиярхат алу, одан кейін азаматтық алу мүмкіндіктері қарастырылады. Бұған қоса, алдағы 5 жылда елімізге 100 тапшы мамандық иесін тарту межесі тұр. 

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Мұндағы негізгі мақсат – білім трансферті және осы кәсіптер бойынша өз мамандарымызды даярлау. Олардың Қазақстанда тұруына ықтиярхат беру мүмкіндігі қарастырылған «Бағалы дағдылар визасы» енгізіледі. Сонымен бірге «Құнды дағдылар рейтингі» жасалады. Бұл рейтингтегі тапшы кәсіптер мен мамандықтар тізімі үнемі жаңартылып отырады

Тарихи Отанынан жырақта жүрген этникалық қазақтардың әлеуетін барынша кәдеге жарату жағыда ескерусіз қалмайды. Осы мақсатта еңбек министрлігі «Ата жолы» картасын енгізу ұсынады. Бұл құжат жоғары деңгейдегі кәсіби маман немесе өздері тұратын елдерде табысты бизнес-кейстерді іске асырған және оларды Қазақстанда жүзеге асыруға ықыласты қазақтарға берілетін болады.- деді ол.

Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

Мұндай Тамара Дүйсенова, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

10 жылдық жеңілдетілген виза рәсімдеп, Қазақстанда өз кәсібін жүргізуге мүмкіндік алады. Олардың тарихи отанын дамытуға қосқан үлесі үшін жыл сайынғы «Парыз» байқауы аясында Президент сыйлығымен марапаттауды ұсынып отырмыз. Екінші – елге келетін қандастардың көші-қонын реттеу тетіктерін жетілдіру. Яғни, еліміздегі демографиялық және экономикалық үрдістерді ескере отырып, құжаттарды рәсімдеудің алғашқы кезеңінде қандастарды еңбек күші тапшы өңірлерге қоныстануға қосымша ынталандыру ұсынылады.

Жұмыс бабымен шекара асып кеткен ел азаматтарының да мүддесін қорғау назарсыз қалмады. Осы мақсатта қазақстандық еңбек мигранттары барынша көп шоғырланған елдермен құқықтарына кепілдік беретін мемлекетаралық келісімдер пакетін жасау көзделген. Сонымен қатар, жоба аясында көші-қон ағынын есепке алу қамында бірыңғай ақпараттық жүйе құру жоспарланған.