Астана: 3 ғасырдың тоғысындағы ғимараттар сөйлейді

Астанада 1 ғасырдан артық тарихында тек ауа-райын болжау саласына қызмет еткен ғимарат бар. Патша үкіметі кезінде салынған метеостанция жаңа Астананың салынуына да сүбелі үлес қосқанын көп адам біле бермейді. Сондай-ақ елордада салыну тарихы романтикаға толы ғимарат та бар. Ол – орыс драма театры. Ал бас қаланың символына айналған нысан «Астана-Бәйтеректің» де жаңа мыңжылдықтағы сәулет туындыларының ішінде ерекше орын алатыны сөзсіз.