Жаркент жауһары – қытай стилінде салынған мешіт

Жетісу облысының архитектуралық жақұты саналатын бұл мешіт – қытай сәулет өнері мен шығыс сәулет өнері үйлескен ерекше туынды. Бір шегесіз салынғаны өз алдына, әрбір ағашы, әрбір ою-өрнегінің жеке-дара тарихы бар. Тіпті Қытай құрылысының құпиясын ашқаны үшін архитекторды өз елінде өлім жазасына кескен деседі. Көз жауын алатын ғимараттың сәулет сыры осы шығарылымда.