Сәулеті асқан, аңызы – дастан Яссауи кесенесі

Түбі бір түркі жұртының ділі мен дінін қалыптастырған қастерлі мекені, рухани ордасы – Түркістан шаһары. Бұл өлкедегі теңдесі жоқ текті мұралардың бірі - Қожа-Ахмет Яссауи кесенесі. Әмір Темірдің әмірімен бой көтерген бұл ескерткішке дала сәулеткерлері бар өнерін салған. Салынар кезде қайта-қайта бұзылып, әрең іргесі қаланған ЮНЕСКО тізіміне алынған нысан туралы осы шығарылымда толығырақ