Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа дайындық аяқталуға жақын. Мамырдың 3-і және 5-і күндері толық құрамда соңғы пысықтау жаттығулары жоспарланған. Еске салайық, парад 7 мамыр, Отан қорғаушылар күні, «Қазақ елі» монументінің жанындағы Тәуелсіздік алаңында өтеді. Бұл маңызды шарада 4 мыңнан астам әскери қызметші сап түзеп, 200-ден астам қару-жарақ пен әскери техника жүріп өттеді. Сондай-ақ, шеруге 66 әскери әуе көлігі тартылады.
Тілек Серікпаев, ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары:
- Бүгін осы алаңда жаттығуымызды өткіздік. Жаттығуымызға Қорғаныс министрі қатысты. Жалпы бүгінгі таңда біздің әскерлеріміз 80 пайыз шеруге дайын. Бүгінгі шеруде жаяу әскер де, арнайы техника да жұмылдырылды. Барлығы жақсы өтті.
Авторы: Жеңіс Ермұқанов

