Ауғанстан. Панджшер шатқалы. Тот басып, қаңқасы қалған әскери қанды шайқастардың куәсіндей. Ауғанстанға осы жолы қару асынып емес, қалам ұстап арнайы барған Бақытбек Смағұл ауған халқының қазіргі өмірімен танысып, достық пейілін білдірді.
Қазақ елі ауған жұртшылығына ынтымақ пен келісімнің киелі кілтін табуға көмектесіп, бейбіт дамудың жөн-жосығын көрсетуде. Ауған халқы Қазақстанды тәуелсіз мемлекет, достық пейілдегі серіктес ретінде мойындайды, құрметтейді.
Қазақстан Ауғанстан мемлекетінің дамуы үшін көмек қолын созуда.
Тарихи естеліктер мен жаңа көзқарастар туралы «Ауғанстан: Бақтың кілті – бітімде!» деректі фильмін тамашалаңыздар!