Дәулет Сәрсенбаев - Сейсмология институтында жоғары білім алып, ағылшын және қытай тілдерін меңгергендіктен, бірден ірі жобаларды қадағалауға кірісті. Ал 2022 жылы Ұлттық сейсмологиялық бақылау және зерттеу ғылыми орталығының басшысы болып тағайындалды.
Бүгінгі шығарылымда ешкім алдын ала болжай алмайтын табиғи апат - жер сілкінісі кезінде сейсмологиялық бақылау не үшін қажет? Мақсаты мен міндеті қандай? Алматыдағы құрылыс нысандары сейсмика тұрғысынан қаншалықты қауіпсіз? Ықтимал жер сілкінісінің зардабын қалай азайтамыз? Осы және өзге де өзекті сұрақтарға жауап аламыз!

