Алматыдағы экотуризм: адам мен табиғат үйлесімділігі

Бұл шығарылымда Алматыға экосаяхат жасап, еліміздің ең әдемі жерлерімен таныса аласыз. Шарын каньонының неліктен америкалық «Гранд Каньонға» теленетінін, Қайыңды көлі мен канадалық Морейннің қандай ұқсастығы барын, глэмпингтің қызмет көрсету мен жайлылық жағынан қонақүйлерден қалайша кем түспейтінін білесіз. Қазақстанға бізбен бірге экосаяхат жасаңыз.