Биік жартастар, сыры ашылмаған үңгірлер, саф таза өзендер мен жоғары деңгейлі сервис. Мұның бәрі Бурабайдан табылады. Бұл шығарылымда біз еліміздегі ең танымал курортта қалай демалуға болатынын айтамыз. Қыстағы демалыс бірсарынды, қызықсыз өтеді деген стереотипті жоққа шығарып, көңілді, пайдалы және жанға жылу сыйлар сәтке толы бола алатынын көрсетеміз.