Парижде туризм мен саяхатқа арналған ірі халықаралық көрме ашылды. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 35 мыңға жуық сала мамандары жиналды. Іс-шараға алғаш рет қазақстандық Алматы қаласы тәуелсіз бренд ретінде қатысып отыр. Айта кетейік, бүгінде мегаполисті тамашалауға араб, Үндістаннан және Ресейден туристер көптеп келуда. Қаладағы қонақ үйлер биылғы жазда рекордтық көрсеткішке 90%-ға толық болды.
Мәрлен Маралов, Алматы қаласы туризм Басқармасы Басшысының орынбасары:
– Еуропадан келетін туристер саны үш есеге жуық артты. Бірінші жартыжылдықта бізге Франциядан 2 мыңнан астам турис келген. Қазір Еуропаның барлық аймағынан келген саяхатшыларға көмек көрсетеміз. Біз көрмелерге, роуд-шоуларға қатысамыз, өйткені бұл сәйкесінше Қазақстан Республикасының аумағына және Алматы қаласына туристерді тартудың негізгі міндеттерінің бірі.
Қазақстандық стендке француз туристік агенттіктері қызығушылық танытты. Компания өкілінің бірі Наташа Дему елімізге оқу сапарымен келіп, табиғаттың сұлулығына ғашық болыпты. Содан бері ол өз клиенттеріне Қазақстанға сапарлауды ұсынады екен.
Наташа Дему, «Parfums du monde» туристік компаниясының сату бөлімінің жетекшісі:
– Францияда Қазақстанды насихаттау жеткіліксіз, ол аз танылған ел болып қала береді. Осы бағытты ілгерілету үшін француз теледидарында Қазақстан туралы қысқаша хабар жасауға кеңес беремін. Шын мәнінде, елдеріңіздің тұмса табиғатын көруге қызығушылық танытатын дүние бұл.