Жобамыздың бүгінгі бөлімінде тауға шығып, сол жерде ежелден келе жатқан монахтар туралы бір аңыз баяндалады.
Сонымен қатар дертке дауа болатын, емдік қасиеті бар, саумал атты сусынның тарихымен таныстыратын боламыз.
Оған қоса, биік таудың қойнауында жатқан, көркі көрген адамды еліктіріп әкететін көлдің жағасына барамыз.
Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстігінде, көркіне көз тоймайтын әдемі жерде оңтүстік-шығыс Қазақстандық табиғатты қорғау аймағы – Алматы қорығы орналасқан. Мемлекет бұл аумақты айрықша қорғауға алып отыр, себебі мұнда кездесетін жан-жануарлар мен өсімдіктердің арасында жойылып кету қаупі төніп тұрған, Қызыл кітапқа енгізілген түрлері бар.