Қазақстанда нан мен қант құны өспейді. Осылайша, әлеуметтік маңызы бар өнім түрлері бағасының қымбаттауына негіз жоқ. Бүгін арнайы брифинг барысында Азық-түлік корпорациясы Ұлттық компаниясы төрағасының орынбасары Самат Теңбаев осылай деп мәлімдеді. Оның дерегінше, тек Жетісу өңірінде ғана биыл қант қызылшасының өндіріс көлемі 30% артқан. Бұған шаруаларға шикізат өсіруге арналған субсидиялардың ұлғайғаны үлкен серпін берген. Елдің ауыл шаруашылық министрлігінің есебінше, қазір азық-түлік қауіпсіздігінің ахуалы жаман емес. Азық-түлік өндірісі 4%, сонымен қатар бұл салаға тартылған инвестициялардың көлемі 15% өсім көрсеткен. Дегенмен, сауда министрлігі жекелеген азық-түлік тапшылығына сыртқы факторлар әсер етуі мүмкін.
Айдар Әбілдабеков, ҚР СИМ сауда комитетінің төрағасы:
-Сыртқы нарықтардың Қазақстанға тікелей несмесе жанамалай
әсер етуі ғажап емес. Сондықтан тәуекелге дайын болу керекпіз. Осының қамында
біз Қызылордада күріш жәрмеңкесін өткіздік. Барлық өңірлік әлеуметтік
кәсіпкерлік корпорациялар мен әкімдіктер ол жаққа арнайы барып, келісімшарттар
жасады. Сондай-ақ, азық-түлік корпорациясы да келісімке тұрды. Өзімізде күріш
қоры болу үшін мол қаражат бөлінді.
Сонымен қатар, бүгінде еліміз қазақстандық астықты
экспорттауда жаңа нарықтарды іздеуде. Мәселен, жыл басынан бері Қытайға бес жүз
мың тоннаға жуық отандық бидай жөнелтілді. Алдағы жылдары сауда көлемін 1 млн
тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда.
Самат Теңбаев, «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы»ҰК» АҚ
басқарма төрағасының орынбасары:
-Біз Қазақстанның дәстүрлі нарықтарында өңделген бидайды
сату бойынша бәсекелестіктің күшеюін көріп отырмыз, әсіресе, бұл Орталық
Азия жақсы байқалады. Бұл елдерге 5 миллион тоннаға дейін астық
жөнелтеміз. Себебі сәуір айынан бастап бәсекелестіктің туындауына байланысты
Қытай Халық Республикасының нарығын ашу бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Негізгі мәселе инфрақұрылымдық, өткізу қабілеттілігі болып табылады, алты айда
жарты миллион тоннаға жуық жүк жөнелтілді. Бұл тек азық-түлік корпорациясына ғана
емес, астық нарығының барлық қатысушыларына қатысты. Алдағы мақсат – экспорт
көлемін млн-ға жеткізу. 3-5 миллион тонна бидайды теориялық тұрғыдан бізден
импорттай алады. Орталық Азия елдері бізге жақын орналасқандықтан дәстүр
бойынша ол үшін күресудің қажеті жоқ.