Бұл шығарылымда туроператор Әсел Ғұбайдуллинамен Іле Алатауы ұлттық паркінің Ақсай бөлімшесіндегі экологиялық туризмімен таныс боламыз. Мұндай таныстықты келушілер орталығынан бастаған дұрыс. Бұл жерде парк туралы, оның тарихы, географиялық орны, ауданы, жан-жануарлары мен өсімдіктер әлемі және парк қызметкерлерінің жұмысы туралы жалпы ақпарат алуға болады.