«Сынақ» командасы тауға жиі шығып тұрады. Тау ішін испекторлар, ғалымдар, археологтар және жергілікті тұрғындармен бірге аралап көрді. Ал бұл жолы тау туристерімен бірге барғалы тұр. Жорыққа шығу үшін дұрыс жиналуды, өзненнен өтудің амалдарын, дұрыс тамақтануды, нені істеуге болатынын және болмайтынын тау гидтері үйретеді. Ең әуелі жүк пен азық-түлікті дұрыс бөлу керек.