Әділ Ахметов есімі көпшілікке жақсы таныс. Белгілі актер Нұр-Сұлтан қаласындағы Жастар театрында құрылған күннен бастап жұмыс істеп келеді. Талант иесінің кино өнерінде де өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан.
«Есіл еңбектің – өтеуі бар. Ерте ме, кеш пе еңбегің жанады». Осы ұстанымнан айнымайтын Әділ Ахметов жас болса да, бірнеше белесті бағындырды. «Дарын» сыйлығын алды. Президент стипендиясын иеленді. Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері атанды. Ал «Анаға апарар жол» фильміндегі Ілиястың образын сәтті сомдағаны үшін 2018 жылы Мемлекеттік сыйлық берілді. Актер осы уақытқа дейін 20-ға жуық фильмге түсіпті. Театрдағы рөлдері де сан алуан.
Театрды да, киноны да қатар алып жүрген Әділдің қандай арманы бар? Бағдарлама барысында Әділ Ахметов шығармашылықтағы жаңалықтарымен бөлісіп, өнердегі өз жолын саралап береді.