Біздің дәуірімізге дейінгі 5-2 ғасырларға тиесілі бірегей жәдігерлер – Марғұлан атындағы археология мұражайынан Алматыдағы республикалық орталық мемлекеттік музейге тапсырылды. Мұнда бұған дейін де көне заманның ең құнды олжалары, Қарғалыдан табылған дүниелер де сақталған. Енді тарихи маңызы бар қазбаның барлық жәдігерлері бір орталықта болады. Дегенмен, сол кезеңнің тарихындағы ақтаңдақтарды анықтау үшін әлі де көп зерттеулер қажет, дейді археологтар. Еске сала кетейік, жәдігерлерді 1939 жылы сол ауылдың тұрғыны Николай Есипов кездейсоқ тауып алған.
Ақан Оңғарұлы, Ә. Марғұлан атындағы археология институтының Бас директоры:
– Бұл көмбенің табылған орны көп нәрседен хабар береді. Сондықтан да сол көмбенің нақты орны екенін дәлелдейтін артефакттармен бірге алтын әшекейлерімен бірге бұрынғы сол орталық музейде сақталып жатқан үлкен фондындағы сол жәдігерлермен бірге өткізіп отырған жайымыз бар. Яғни барлық коллекция бір жерде сақталсын, бір бірін толықтырсын деген ниетпен. Ары қарай толықтай зерттеу жұмыстарын жасау керек болады әлі де.