Абай! Қазақ әдебиетінде бұдан танымал есім жоқ шығар! Әдебиет қана емес, топонимдер мен атаулар, символдар мен ескерткіштер әлемінде де оның алатын орны бөлек. Топоним демекші, Абай атындағы көше, даңғылдар, Абайға қойылған ескерткіштер кез келген қаладан табылады. Тіпті бір ғана Қызылорда облысында Абайдың есімін иеленген екі ауыл бар.
Бүгінде Абайдың аты брендке айналған, жұртпен дауласқанда, екінің бірі оның белгілі «Қара сөздерін» мысалға келтіріп, өз сөзіне салмақ беруге тырысады. Оған қоса, дауласушының әрқайсысы «мен ғана дұрыс айттым, бұл шығарманы мен ғана дұрыс қырынан түсіндім» деп ойлайды.
Бүгінгідей сандық жүйе ғасырында, Абай Қазақстан бойынша, электрондық нұсқадағы ең жиі кездесетін жазушы болып отыр. Оның шығармаларын кез келген онлайн кітапханадан тауып алуға болады. Тіпті AppStore мен PlayMarket-те Қара сөздер қосымшасы пайда болды. Оларды жүктеп алушылардың саны 100 000-нан асып кеткен.
Бекнұр Қисықов – жазушы, бірнеше роман, повесть, өлеңдердің авторы. Әдеби байқаулардағы қазылар алқасының мүшесі. «Кітапфест» фестивалінің идеологы және ұйымдастырушысы. Encyclopedia.kz. қазақстандық энциклопедия жобасының негізін қалаушы.
Бағдарлама жүргізушісі әрі жазушы, «Кітапфест» фестивалінің ұйымдастырушысы Бекнұр Қисықовпен Абай және оның шығармашылығы, сондай-ақ Абайға арналған кітап беттерін бірге талқылайық.