Сәуле Досжан – ақын, жазушы, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Ақтам ауылында дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық және республикалық әдеби байқаулардың жүлдегері. Шығармашылық жолын алғаш поэзиядан бастаған. Баспасөзде, қазақ радиосында, кейіннен ҚР Парламенті Мәжілісінің аппаратында жауапты қызмет атқарған.
Қаламгердің «Жыр тәж», «Үшінші есіктің құпиясы», «Жатқа туған бала», «Арман қала», «Үлкен үйдегі үрей», «Құдіретті қалам иесі», «Өгей жүрек», «Сағыныш» атты кітаптары жарық көрген. Шығармалары орыс, испан, неміс, қытай, ағылшын, араб, француз тілдеріне аударылған. 2017 жылы Швецияда өткен халықаралық әдебиет фестивалінде жазушының «Өгей жүрек» кітабы проза жанрынан үшінші орын иеленді.
Ауаға у болып сіңген атом сынағының зардабы адамзат баласын әлі де сынақтан өткізіп келеді. Бүгін Сәуле Досжанның «Қасірет пен қилы тағдыр» романын бірге талқылаймыз.