2035 жылға дейін химия өнеркәсібіне шамамен 5 трлн теңге инвестиция тартылады

2035 жылға дейін химия өнеркәсібіне шамамен 5 трлн теңге инвестиция тартылады

Қазақстан 2035 жылға дейін химия өнеркәсібі саласына шамамен 5 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, аталған сектор мемлекеттік қолдау тетіктері, инвестициялық белсенділік пен жаңа жобалардың арқасында қарқынды дамып келеді. Бірінші тоқсанда саладағы өндіріс көлемі 406 млрд теңгеге жетті. Бұл полипропилен мен уран қосылыстары өндірісінің артуымен байланысты. Қазір өңдеу құрылымындағы химия өнеркәсібінің үлесі 4,5 проценттен асады. Бұл ретте ауыл шаруашылығы, металлургия саласы мен құрылыс материалдары өндірісінің дамуына ықпал етіп отыр.

1. Жасанды интеллектті қолданасыз ба?