Жаңа жылдан
бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі өзгереді. Қазақстан
Президентінің
шілдеде қол қойған заңның негізгі жаңалықтарының бірі МӘМС жүйесімен қосымша
миллионнан астам адам қамтылатын болады. Бұл жұмыспен қамту органдарында
тіркелгендерге қатысты. Осылайша, жаңа норма бойынша оларды сақтандыруды әкімдіктер
төлейтін болады, яғни қаржыландыру жергілікті бюджеттен бөлінеді. Сондай-ақ,
жаңа енгізілімдер қатарында бес жыл бойы тұрақты жарналар болған жағдайда сақтандырылған
адам мәртебесін сақтау мерзімін 3 айдан алты айға дейін ұзарту бар. Денсаулық
сақтау министрлігінде атап өткендей, МӘМС-ті реформалау - бұл жай ғана
қажеттілік емес, стратегиялық басымдық.
Ләззат Шоманова,
ҚР ДСМ МӘМС жетілдіру және талдау департаментінің директоры:
– Қазір 2015
жылы МӘМС туралы ҚР Заңының бірінші редакциясында белгіленген бастапқы қаржы
моделіне ішінара оралу басталады. Мемлекет жарналарының мөлшерлемелері 2%-дан
7% деңгейіне көтеріліп, бекітілді. Бұл шаралар қызметкерлер мен жұмыс берушілер
үшін жарналарды ұлғайтпауға, ұзақ мерзімді перспективада медициналық көмек
жүйесін қолдауға мүмкіндік береді. Кезең-кезеңмен өсіру нәтижесінде мемлекет
жарналарының мөлшерлемесі ағымдағы жылғы 2%-дан 2037 жылы 4,7%-ға дейін өседі. Бұл
денсаулық сақтау жүйесіне 2,8 трлн қосымша қаражат алуға мүмкіндік береді.

