Қазақстанның
Қорғаныс министрлігі де 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Ведомствоның
мәліметінше, отандық әскери қызметшілер басқа елдердегі 24 оқу-жаттығу мен
жарысқа қатысты. Олар тактикалық-арнайы даярлық деңгейінің жоғары екенін
көрсетті. Жауынгерлік жаттығулар Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан және Беларусь
елдерінде өтті. Өз кезегінде еліміздің аумағында өткен жылы 6 халықаралық
оқу-жаттығу ұйымдастырылды. Оған ұшу құрамдары, десанттық-шабуыл әскерлері,
сондай-ақ әскери-теңіз күштері қатысты. Ал «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық
командалық-штабтық оқу-жаттығуларының барысын Қазақстан Президенті – Қарулы
Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен және жеке бақылауымен өтті. Жалпы, өткен жылы Қарулы Күштерде
мыңнан аса жауынгерлік даярлық шаралары өткізілді. Олардың барлығы жеке
құрамның далалық машығын жетілдіруге және бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруге
бағытталды.