20-қараша – Дүниежүзілік балалар күні. Атаулы дата 1954 жылдан бері БҰҰ-ның ұсынысымен аталып өтуде. Бүгінде Қазақстан халқының үштен бірін жас ұрпақ құрайды. Яғни 6,8 млн астам бала бар. Өскелең ұрпақты жан-жақты қолдау қамында еліміз бірқатар халықаралық құжатқа қосылған. Олардың құқықтарын арнайы уәкіл институты қорғайды. Ел жастары сапалы білім, салиқалы тәрбие алуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Қазіргі таңда оқушылардың 80% қосымша біліммен қамтылған. Шәкірттерді салауатты өмір салтына баулуға басымдық беріледі. 2025 жылға қарай тәлім алушылардың спорттық үйірмелерге белсене қатысуын 50% жеткізу көзделген. Балалардың қауіпсіздігі де ерекше назарда. Бүгінгі таңда білім беру ошақтарының дені жедел басқару орталығына қосылып, дабыл түймелері орнатылған.
Еділ Оспан, ҚР Оқу-ағарту
вице-министрі:
-Мемлекеттік саясаттың басты
басымдықтарының бірі балаларды қорғау мен қолдауға арналған. Сондықтан еліміз
балаларды қорғау саласындағы 15 халықаралық құжатқа қосылған. Қазақстанның
балаларының өмір сүру сапасын халықаралық стандарттарға қол жеткізу бойынша
жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Оларды іске асырудың нақты тетіктері
қарастырылған.