1991 жыл. Желтоқсан айы. Елорда Алматы. Қазақ Кеңес Социалистік Республикасында тұңғыш рет президенттік сайлау өтті. Елді Нұрсұлтан Назарбаев басқарды. Бұл фотосурет 10 желтоқсанда жасалған. Мемлекет басшысы халыққа адал болуға ант берді. Ол кезде КСРО ыдырап кеткен болатын. Оқиғаның тарихи маңызы – еліміздің Қазақстан Республикасы болып, алғаш аталуы. Жоғарғы Кеңестің отырысы аяқталған сәт. ҚазКСР атауын өзгерту туралы заң қабылданды. Талқылау рәсім басталғанға дейін өтті. Анттың соңғы мәтіні оны айтудан бірнеше минут бұрын бекітілді.
Сол күні көп нәрсе алғаш рет болды. Халық қалаулылары Президент өкілеттігінің мерзімі 5 жыл болатыны туралы қаулы қабылдады.