Бұл 1889 жылы Қазақ қаласы Қостанайда түсірілген сурет. Торғай облысындағы халықтық мектептің нұсқаушысы Ыбырай Алтынсарин жергілікті екі жылдық орыс-қазақ училищесінің шәкірттерімен бірге суретке түскен. Ұлы ағартушы өте жұмысбасты болғандықтан, бұл тіпті оның көзі тірісінде түскен жалғыз суреті болуы да мүмкін. Ұжым болып түскен портреттен нұсқаушы Алтынсарин мен оның әріптестерін және 17 баланы көріп тұрмыз.
Айтқандай, Алтынсариннің осы фотосессиядан ширек ғасыр бұрын Торғайда ашқан алғашқы мектебіне де шамамен осынша бала жазылған еді. Бір әттеген-айы, ол мектепте өткен алғашқы қоңыраудан сурет қалмапты. Ал мына кадр мен оған қатысты қызықты деректердің сақталып қалғаны да біз үшін үлкен олжа.