Өткен тәулікте тағы 924 адамның коронавирустан емделгені хабарланып отыр. Осылайша, қауіпті инфекцияны жеңіп шыққандар қатары 123 215 адамға жетті. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бүгінгі мәліметтеріне сәйкес, өткен 24 сағат ішінде ел аумағында 777 COVID-19 науқас анықталды. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 139 159.
Аймақтардағы эпидемиологиялық ахуал келесідей:
Нұр-Сұлтан қаласы - 16762
Алматы қаласы - 16741
Шымкент қаласы - 5410
Ақмола облысы - 5928
Ақтөбе облысы - 3544
Алматы облысы - 6017
Атырау облысы - 11933
Шығыс Қазақстан облысы - 17428
Жамбыл облысы - 4596
Батыс Қазақстан облысы - 8407
Қарағанды облысы - 11358
Қостанай облысы - 6102
Қызылорда облысы - 3304
Маңғыстау облысы - 3468
Павлодар облысы - 7408
Солтүстік Қазақстан облысы - 7231
Түркістан облысы - 3522
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 159 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 76 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар – 43 498, 458 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 31 217 жетті.