Бүгінгі шығарылымда қыз-жігіттер жеке-жеке сайысады. Жігіттер темір көтеруден сайысқа түседі. Ал қыздар Сыр өңірінен арнайы алдырылған жарты қап күрішті келі-келсап арқылы қабығынан ажыратады. Бұл сайысқа 20 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталған соң шелектегі күрішті ақ матаға төгіп, желге ұшыру арқылы қабығынан тазалайды. Дайын, аршылған күрішті табаққа салып, сарапшылар кімнің қаншалықты таза жұмыс істегенін бағалайды.