Қатысушыларды бұл жолы өте қиын сайыс күтіп тұр. Қыздар ауыл әйелінің тағы бір тірлігін орындайды, яғни 10 минут уақыттың ішінде сиыр сауады. Қай топтың қыздары көп сүт сауса, сол топ жеңіске жетеді. Ал жігіттер қазағымыздың тағы бір өнері құрықшылықпен айналысады, әр жігітке құрықты салу үшін 5 минут уақыт беріледі. Бұл шығарылымда да ұмыт болып бара жатқан тағы бір өнер түрі жаңғырды. Қатысушылар ауыл адамдарының шыдамдылығы мен қайратының, ептілігінің куәгері болды.